Жол сызығында хас шеберлер

12.08.2022

Бүгін «Богатырь Көмір» компаниясы Автобазасының жүргізушілері «Мамандығы бойынша үздік» байқауы аясында автокөлік жүргізу шеберлігімен және жол қозғалысының негіздерін білуімен жарысты.

Жарыс бірден үш номинация бойынша өтті: жеңіл, жүк, жолаушылар (автобус) көліктері. Байқауға қаншалықты қызығушылық танытқандарын оған қатысқан қатысушылардың саны – 29-ға жеткенінен байқауға болады. Қалай десек те, финалдық – тәжірибелік бөлімге өту үшін жеңімпаз атағына үміткерлердің барлығына жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша тестілеуден өту қажет болды. Әр санаттан келесі кезеңге тек алты қатысушы ғана өте алды. Олардың арасында жүлделі орындар үшін шешуші шайқас орын алды. Тәжірибелік тур барысында жеңіл (УАЗ) және жолаушылар (ПАЗ автобусы) көлігінің жүргізушілеріне айналдыра трассадан өту, ЖҚЕ талаптарын сақтай отырып, «сегіздік» үйлесімін көрсету, теміржол өтпесін айналып өту, гаражға абайлап кері жүріспен кіру, содан кейін мәре сызығында тұрақтау талап етілді. Жүк көлігінің жүргізушілеріне де тапсырманы орындау қажет болды, бірақ «гараждың» орнына олар «баскетбол» ойнауға мәжбүр болды – дәл «сақиналар» – автомобиль шиналарына алты допты түсіру тапсырылды. Нәтижесінде ең жақсы нәтиже – 5 доп болды. Соңғы тапсырма «Сөмкедегі белгісіз зат» байқауы – қатысушыларға машинаның бөлшектерін анықтап, дұрыс атау керек болды. Айта кетейік, көпшілік көліктің техникалық құрылымы туралы тамаша білімдерін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері байқаудың жалпы нәтижелері шығарылғаннан кейін белгілі болды.

«Жеңіл көлік» номинациясында жүлделі үштікке: А.Шалбаев – 1 орын, М.Алдангоров – 2 орын, Е. Кинсфатер – 3 орынмен кірді.

«Жолаушылар көлігі» номинациясында: С. Балтабаев – 1 орын, Т.Мубараков – 2 орын, С.Литвин - 3 орын.

«Жүк көлігі» номинациясында: Т.Мәмбетов – 1 орын, А.Атажанов – 2 орын, В. Лобов – 3 орын.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу