Металл майталмандары

11.08.2022

Темір жол жабдықтарын жөндеу дирекциясының үздік электр дәнекерлеушісі кәсіби шеберлік байқауы барысында анықталды.

Жарыс жылжымалы құрамды жөндеу цехының алаңында өтті. Аталмыш сайысқа жылжымалы құрамды жөндеу цехы, вагон жөндеу цехы, ЖҚД-2, "Богатырская" ЖҚД-нан сегіз маман қатысып, өзара бақ сынасты.

Бірінші кезеңде жарысқа қатысушылар дәнекерлеу ісінің теориясын, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелері бойынша өз білімдерін көрсетті. Тест тапсырмасының 25 сұрағына жауап беру үшін оларға жарты сағат уақыт берілді.

Сайыстың тәжірбиелік кезеңінде байқауға қатысушыларға сызба параметрлерін дәл сақтай отырып, көлденең және тік күйде металл плиталарын дәнекерлеу қажет болды. Бұл кезеңдегі бағалау критерийлері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтау, нормативтік уақыт, құрастыру және дәнекерлеу сапасы – балқымалардың, кесектердің, аяқталмаған ойықтары және т. б. болмауы тиіс.

Жиналған балдардың жалпы жиынтығы бойынша теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының электрлік газбен дәнекерлеушілер арасында "Мамандығы бойынша үздік" атағына жылжымалы құрамды жөндеу цехінің  өкілі Роман Курятников, екінші орынды өткен жылдың жеңімпазы Дмитрий Стародубец (ВЖЦ), үшінші орынды Бахтияр Садвакасов (ВЖЦ) иеленді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу