Қос жетістік
05.08.2022
Келе жатқан Кеншілер күнін «Богатырь Көмір» спортшылары дәстүр бойынша беделді жарыстарда табысты өнер көрсетуімен қарсы алуда.
Қарағанды қаласында джиу-джитсудан өткен «KARAGANDA BJJ OPEN - 2022» республикалық ашық турнирінде «Богатырь» кенішінің №1 өндіру жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисі Руслан Исенов чемпион және күміс жүлдегер атағын жеңіп алды.
Екі күміс медальмен оның командаласы ТЖЖЖД «Богатырская» ЖҚД депосы бастығының орынбасары Максим Мартыненко Богатырь спортшыларының марапаттар жинағын толықтырды.
Айта кету керек, «Богатырь Көмір» өкілдері өз марапаттарын өткір бәсекелестік күресте жеңіп алды, турнирге 1000-нан астам спортшы қатысты.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.