Машинисттердің асқан шеберліктері

28.07.2022

«Мамандығы бойынша үздік» атағы үшін жарысқа бүгін ОПЭ-1 және ТЭМ-2 локомотивтерінің машинисттері қосылды. Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының Степная станциясында кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Бастапқыда 12 қатысушы «Тартқыш агрегат/тепловоз машиналарының техникалық құрылысы және пайдалану ережелері» тақырыбы бойынша 50 тест сұрақтарына жауап берді. Осыдан кейін өндірістік жарыс ең әсерлі және қызықты бөлігі – тәжірибелік кезеңіне келді. Локомотивті металл тақтайшаға әкеліп, оны салмадан түсірместен жеткізу - машинаны нақ сезінетін және түйсігі бар машинисттерге жүктелді. Бұл қасиеттерді бәрінен жақсы көрсеткендер: ОПЭ-1 тартқыш агрегатының машинисттері арасында Артем Сушков, ТЭМ-2 тепловоздары машинисттерінен – Евгений Писнов.

Олардың екеуі де байқаудың екі кезеңінің қорытындысы бойынша жүлдегерлер қатарына кірді. Сонымен қатар, Евгений Писнов өз санатында үздік машинист атағына ие болды, екінші орынды Василий Винограденко, үшінші орынды Нұрлан Курлеутов иеленді.

Жиналған балл сомасы бойынша ОПЭ-1 тартқыш агрегатының машинисті Арман Серіков үздік атанды, екінші орынға Артем Сушков, ал үшінші орынға – Кирилл Рябов ие болды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу