Байқаудың қызу шиеленісі
23.07.2022
Кеншілер күні қарсаңында «Мамандығы бойынша үздік» атағына өтіп жатқан сайыстарды энергиямен жабдықтау жөніндегі дирекцияның электрслесарьлары жалғастырды.
Өндірістік жарысқа қатысу үшін бөлімшенің төрт учаскесінің әрқайсысынан – УЭНС-1, УЭНС-2, Богатырь кешенінің ЭЖУ, Солтүстік кешеннің ЭЖУ-нен екі қызметкер ұсынылды. Бірінші турда байқауға қатысушылар биіктікте жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын көрсетуі керек еді: жоғары вольтты желінің тірегіне көтерілу, кернеудің жоқтығын тексеру, тасымалды жерге тұйықтауды салу. Іс-әрекеттің дұрыстығы 10 балдық жүйе бойынша бағаланды. Негізгі критерийлер: тапсырманың дәйектілігі, қауіпсіздігі және уақыты. Екінші турда оларға оқу стендіндегі батырмалық пост арқылы магниттік іске қосқышты қосу сұлбасын жинау қажет болды. Мұнда технология, сапа және уақыт есепке алынды. Байқауды теориялық кезең аяқтады, оның барысында қатысушылар 20 минут ішінде электр қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша 20 сұраққа жауап берді.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша электрослесарьлар арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы Ерғанат Еңсебаев (УЭНС-2), екінші жүлделі орынды Данияр Сексенбаев (Богатырь кешенінің ЭЖУ), үшінші орынды Тимур Каркенов (Солтүстік кешенінің ЭЖУ) жеңіп алды. Олардың барлығы дипломдар, кубоктар және ақшалай сертификаттар алды. Конкурстың қалған қатысушылары да сертификаттармен көтермеленді.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.