10%-ға артық

22.07.2022

1 тамыздан бастап «Богатырь Көмір» ЖШС барлық қызметкерлерінің жалақысы 10%-ға арттырылады.

Компания қызметкерлеріне еңбекақы төлеу көлемін арттыру жыл басынан бастап екінші рет болып отыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын, көмірдің құны өткен жылдың деңгейіне дейін төмен болуына қарамастан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың жалақысы 15%-ға ұлғайтылған болатын. Осы орайда, компания қызметкерлердің өмір сүру сапасына қамқорлық жасай отырып, жалақыны көтерді.

Жалақыны кезекті көтеру туралы шешім «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің 1 тамыздан бастап көмір бағасының болжамды көтерілуін ескере отырып, бас директормен осы жылдың наурыз айында қол жеткізілген уағдаластығына сәйкес қабылданды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу