Төртінші робот келді
15.07.2022
Богатырь ЖКБ-на неміс Vollert компаниясы шығарған төртінші PRO TANDEM DER-300 тартқыш робот келді.
Жақында соңғы бесінші тартқыш робот келетін болады. Естеріңізге сала кетейік, екі секциялы алты осьті Vollert PRO TANDEM DER-300 тартқыш роботтың ерекшелігі – оның үш режимде басқарылуы: қолмен, қашықтықтан (джойстик арқылы) және автоматты.
«Богатырь» кенішінде «ақылды локомотивтерді» циклдық-толассыз кешенді енгізе отырып, жартылай вагондарды көмірмен тиеу үдерісінде құрамдарды автоматты режимде біркелкі тарту үшін пайдалану жоспарлануда.
Айта кетейік, осы тартқыш роботтар Богатырь ЖКБ тарихында ғана емес, ТМД елдерінің барлық теміржолында да алғашқы саналады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.