«Богатырь Көмір» ардагерлеріне арналған экскурсия

12.07.2022

Көп жылдық игі дәстүрге сүйене отырып, «Богатырь Көмір» компаниясы Корпоративтік қормен бірге кәсіпорынның зейнеткерлері үшін елордаға экскурсиялық сапар ұйымдастырды.

Еліміздің бас қаласында 50 ардагер кеншілер Бәйтерек монументіне, «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрына, Хазірет Сұлтан мешітіне және Свято-Успенский кафедралды соборына барды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің экспозициясымен танысты. Шолу экскурсиясы кезінде ардагерлерге осы бірегей мәдени маңызы бар ғимараттардың құрылу тарихы туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сапар аға буынға жағымды әсер мен тілдесу қуанышын сыйлады, сол үшін ардагерлер өз кәсіпорнына ризашылықтарын білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу