Біздікілер көшбасшылықта!
10.07.2022
«Богатырь Көмір» футбол командасы екі турдың қорытындысы бойынша Павлодар облысының чемпионатында көш бастап тұр.
Жақында «Шахтер» стадионында өткен үй матчында біздің балалар қағидатты қарсыластардың бірі – павлодарлық «Ақбет» командасын 2:0 есебімен сенімді жеңді. Жеңіс голдарының авторлары Мұрат Ахметшарипов пен Әлібек Беков болды.
Біздің футбол жасағын құттықтаймыз және Павлодардағы «Алим» командасымен бүгінгі көшпелі ойында сәттілік тілейміз.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.