Кеншілердің игі істері

09.07.2022

Қасиетті мереке – Құрбан айт қарсаңында «Богатырь Көмір» бірлескен жастар қозғалысының белсенділері компанияның қолдауымен аз қамтылған тұрғындарға арналған 50 азық-түлік жиынтығын ұйымдастырды.

Оған олар аса қажетті: ұн, сұйық май, қарақұмық ботқасы, күріш, макарондар, шай, қоюландырылған сүт, тазартылған қант және пачкаларда печенье салды. Қайырымдылық себеттерін белсенділер мейірімділік сөрелеріне және қаламыздың әлеуметтік дүкендеріне апарып жеткізді. Отыз буманы жастар мұсылман мешіті мен православиелік шіркеуге өткізді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу