Сенімді және дәл
08.07.2022
Кеншілер күніне арналған кәсіби шеберлік байқауларының эстафетасын драглайн үлгісіндегі шөміш экскаваторларының машинисттері жалғастырды.
Биылғы жылы өндірістік жарысқа тәжірибелі жолдастарымен қатар жаңадан келгендер де қатысты: Константин Захарченко (ЭШ-13/50 № 3744 экскаваторы, № 1 аршу және үйінді жұмыстары учаскесі) және Александр Синько (ЭШ-13/50 № 2748 экскаваторы, № 2 аршу және үйінді жұмыстары учаскесі). Тәжірибелік тур барысында барлық қатысушылар кезекпен орнатылған сақинаға баскетбол добын салды, оларға үш мүмкіндік берілді. Лақтыруды дәл және үздік орындау керектігін жарыс көшбасшыларының бірі Виталий Биленко көрсетті (ЭШ-13/50 № 3715 экскаваторы, № 1 аршу және үйінді жұмыстарының учаскесі). Қатысушылар үшін келесі тапсырма шөмішке байланған ілмекке тастар салынған шелекті ілу, оны жылжытып, металл жақтаудың шаршысына қою болды. Бұған бес минут берілді. Мұны істеу оңай болған жоқ, бірақ кеншілердің көпшілігі тапсырманы орындады, ал кейбіреулері бірнеше реттен.
Байқаудың аяқталуы нормативтік-техникалық құжаттама және технологиялық картаны білу бойынша сұрақтармен жазбаша емтихан болды. «Мамандығы бойынша үздік» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері Кеншілер күні қарсаңында жарияланатын болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.