Үздік роторшылар жарысады

07.07.2022

Кеншілер күні мерекесі қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясында «Мамандығы бойынша үздік» дәстүрлі байқаулар бастау алды.

Серияны СРс(К)-2000 роторлы экскаватор машинистері ашты. Өндірістік жарысқа өндіру жұмыстарының жеті машинасының экипаждары қатысуға шешім қабылдады: №№ 1145, 1105, 1144, 1146, 1143, 1106, 2147.  Кеншілер үш номинация: ротор машинисті, жүктиегіш машинисті, машинист-электрик бойынша білімдері мен дағдыларына жарысты. Тәжірибелік кезеңде -алғашқылардан көмірді сапалы және уақытында жөнелту талап етілді, ал олардың әріптестері – машинист-электриктерге жарықтандырудың электр сұлбасындағы ақаулықты анықтау және жою қажет болды. Теориялық бөлім барысында қатысушылар нормативтік-техникалық құжаттаманы, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін, сондай-ақ өздерінің тау-кен учаскесі мен кенішінің тарихын жақсы білетіндерін болжаған сұрақтарға жазбаша жауап берді. Байқау қорытындысы Кеншілер күні қарсаңында шығарылады.

Айта кету керек, биыл жүлдегерлерді қомақты сыйақы күтіп тұр: байқау жеңімпазы 100 000 теңге, екінші орын алған қатысушы – 70 000 теңге, үшінші орын иегері – 50 000 теңге алатын болады. Қалған қатысушылар 10 000 теңгеден көтермеленеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу