Іскерлік ынтымақтастық көрмесі
05.07.2022
«ИННОПРОМ - 2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі осы күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында өтуде. Оның ресми ашылуы 4 шілдеде өтті. Іс-шараны өткізу орны «Екатеринбург-Экспо»ХКО болды.
Биылғы көрменің тақырыбы «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерден жаңа мүмкіндіктерге». Басты серіктес ел Қазақстан болды. Қазақстандықтар көрмеге келушілерді жаңа әзірлемелермен ғана емес, сондай-ақ өздерінің бай мәдениетімен таныстыруда. Көрме жұмысына «Богатырь Көмір» компаниясының атынан бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанап қатысты. «Өнеркәсіптік ауысу: көшбасшылардың тәжірибесі» сессиясы жұмысының бірінші күні Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мен Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан премьер-министрі: «Тарихи қалыптасқан екіжақты байланыстар мен қуатты ресурстық база, сондай-ақ біздің экономикалық интеграциямыздың артықшылығы – толық көлемде іске қосылуы тиіс», - деп атап өтті.
Көрмеде әлемнің 30 елінен 500-ден астам қатысушы өздерінің жаңа әзірлемелерін ұсынды. Екатеринбургке Түркия, Моңғолия, Африка және ТМД елдерінен үлкен делегациялар келді. Төрт күн ішінде қатысушылар өз әзірлемелерін ұсынып, тәжірибе алмасып, жаңа серіктестер табатын болады.
XII Халықаралық өнеркәсіптік көрме «Екатеринбург-Экспо»- да 7 шілдеге дейін жалғасады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.