Әдемі және экологиялық

03.06.2022

«Богатырь Көмір» экология мәселесіне үлкен мән береді.

Компания қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Серіктестік жыл сайын кәсіпорынның әкімшілік-тұрмыстық корпустарына іргелес аумақтарды көгалдандыруға қаражат бөледі. Мысалы, биылғы жылы отырғызу үшін 35 000-нан астам гүл: 30 145 шырайгүл, 5845 барқытгүл сатып алынды. Өсімдіктердің осы түрлерін таңдау біздің аймақтың климаттық жағдайларына байланысты. Гүлдер компанияның кеңселерінде «Богатырь Көмір» шаруашылық бөлімінің қызметкерлерімен отырғызылды. Сонымен қатар, құрылымдық бөлімшелерде 54 дана мойыл, 148 дана шырша, 197 дана қайың, 96 дана шетен көшеттері отырғызылды. Мамыр айында көмір сапасын техникалық бақылау бөлімінің жанындағы ағаштарды санитарлық кесу жүргізілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізіміне оралу