Балалар үшін жарқын мереке
01.06.2022
Тіпті жаман ауа-райы да Балаларды қорғау күніне кедергі болмады.
«Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында кіші сахна маңында біріккен жастар қозғалысының белсенділері мен екібастұздық балалар жиналды. «Богатырь Көмірдің» жас қызметкерлері жиналғандар үшін нағыз балалық шақ мерекесін – «Тік Tok FEST» өткізді. Алаңда аниматорлар барлық ниет білдірушілер қатысқан ойындар мен би шоуларын ұйымдастырды. Ойын-сауық бағдарламасына: шарлардан қызықты «Твистинг-шоу», азотпен қатыратын жарқын «Holi-party» шоуы кірді.
Одан басқа, компания еріктілері қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Азғантай төлем үшін ата-аналар балаларға тәттілер мен сыйлықтар сатып алды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.