Облыс әкімі «Богатырь Көмірде»

25.05.2022

Екібастұзға жұмыс сапары аясында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов «Богатырь Көмір» ЖШС-не барды.

Аймақ басшысы «Богатырь» кенішінде болып, онда циклдік-толассыз кешеннің нысандарымен, қазіргі технология – көмір тиеу барысымен, аға машинист  Асылбек Бекмұханбетов жетекшілік ететін №44 роторлы экскаватор бригадасының жұмысымен танысты.

 Кәсіпорын ұжымымен кездесу кезінде аймақ басшысы «Богатырь Көмірдің» маңыздылығына тоқталды:

 – Екібастұз – еліміздің шахтер жүрегі, оның энергиясы.  Біз үшін сіздердің еңбектеріңіз – жанды еңбек, соның арқасында еліміздің ғана емес, Қазақстанның әрбір қаласы жылумен, жарықпен қамтамасыз етілуде. «Богатырь Көмір» кеніштері қазір еліміз үшін көмірдің жоғары үлесін беруде. Циклдік-толассыз технологияны енгізумен көмір өндіру көлемі 50 млн тоннаға дейін ұлғаяды,  ал бұл мүлдем басқа деңгей.  Тынымсыз еңбектеріңіз бен іске асырылатын жоспарларыңыз үшін көп рахмет.

 Кеншілермен бейресми әңгіме барысында Әбілқайыр Сқақов олардың сұрақтарына жауап берді.  Олардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, сондай-ақ білім беру және медициналық мекемелердің қызметі тақырыбын қозғады.  Олардың барлығына түсініктемелер беріліп, кейбірі бойынша қала басшысына нақты тапсырмалар берілді.

 Кездесуді аяқтай отырып,  Әбілқайыр Сқақов кеншілерді Қазақстан Республикасы Конституциясына түзетулерді қабылдау мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдумға келуге шақырды. 

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу