Спорттық уйк-энд

22.05.2022

Осы демалыс күндері компанияның спорттық-сауықтыру кешенінің аренасында «Богатырь Көмір» қызметкерлері арасында жазғы көпсайыстан дәстүрлі жарыстар  өтті.

Міндетті жеңіл атлетика бағдарламасына мыналар кірді:

 ерлер үшін – жұлқада гір көтеру (уақыты – 4 минут), ұзындыққа секіру, граната лақтыру (екі түрде де 3 талпыныс берілді – ең жақсысы ескерілді), 1 км қашықтықта кросс;

 әйелдер үшін – пресс (денені жатқан күйден көтеру, уақыты – 1 мин), ұзындыққа секіру, граната лақтыру (екі түрде де 3 талпыныс берілді – ең жақсысы ескерілді), 500 м қашықтықта кросс.

 Айта кету керек, жарыс үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың да, көрермендердің де айтарлықтай санын жинады.  Тіпті ең кішкентайлары да өздерінің адамдарын қуантуға келді, мысалы, 4 жасар Әлихан, күрделі құрылыс дирекциясының қызметкері Қанат Қалихановтың ұлы және атақты богатырлық зілтемірші Қаңлыбек Масақбаевтың немересі.

 Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша өз аталымдары бойынша турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанғандар:

1 орын - Олег Манило, Светлана Кондрашина, 2 орын - Аман Байтенов, Камила Сұлтанова, 3 орын - Иван Колосов, Алена Скорикова (18 - 29 жас).

1 орын - Қанат Қалиханов, Татьяна Афанасьева, 2 орын - Манас Жұмабеков, Людмила Починок, 3 орын - Сергей Дорофеев, Әйгерім Хамитова (30 - 39 жас).

1 орын - Александр Рожков, Светлана Задорина, 2 орын - Юрий Воробьев, Оксана Сычугова, 3 орын - Айдар Капезов, Ольга Хитрова (40 - 49 жас).

1 орын - Александр Подлесный, Елена Нападовская, 2 орын - Бақтияр Мендыбаев, Инесса Суханова, 3 орын - Игорь Корнилов, Алтынай Омарбекова (50 жас және одан жоғары).    

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу