«NEXT» газелі «Богатырь Көмір» автопаркін толықтырды

19.05.2022

Компанияның қоғамдық тамақтану комбинатының қажеттіліктері үшін салқындатылған немесе мұздатылған өнімдерді тасымалдауға арналған автофургон-рефрижератор сатып алды.

Машинаның жүк көтергіштігі – 1,5 тонна. Ол -20-дан +12-ге дейінгі температуралық режимді қамтамасыз ететін Carrier Citymax 280 тоңазытқыш жабдығымен жабдықталған. Басқару пульті жүргізуші кабинасында орналасқан. Өндірушіден мамандар үшін тағы бір ыңғайлылық – қажетті құралдарды сақтауға арналған арнайы орын.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу