Музей күніндегі экскурсия
18.05.2022
Байқау алаңының биіктігінен «Богатырь» заманауи кенішінің ауқымын сезіну, дәл осы жерде орналасқан ашық аспан астындағы мұражай тау - кен көлігі техникасының экспозициясымен танысу – Корпоративтік қормен және «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының студенттері мен ардагер кеншілерге арналған шолу экскурсиясының бағдарламасы осындай болды.
Іс-шара бүгін атап өтілетін Халықаралық мұражай күніне орайластырылды. Қонақтарға көмір өндіру және тасымалдау технологиясы туралы «Богатырь» кенішінің аға технологы Гүлназ Біләлова айтып берді. Көргендеріне көмір ардагерлері риза болды, олардың айтуынша, құрметті демалысқа шыққан сәттен бастап олар туған кәсіпорнымен байланысын жоғалтпайды және олар үшін ұйымдастырылған іс-шаралар үшін алғыс білдіреді. Студенттік жастар экскурсияның арқасында көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді. Жас жеткіншектер Богатырь мұражайының экспозициясынан өздерінің құрметті орнын алған өткен ғасырдағы тау-кен техникасының үлгілерін көре алды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.