Техникалық паркті жаңарту

16.05.2022

«Богатырь Көмір» компаниясының технологиялық көлікті басқару паркі CATERPILLAR 777Е маркалы үш жаңа ауыр жүк самосвалымен толықтырды.

Бұл машина есептеуде ең аз шығындармен материалдардың үлкен көлемін тасымалдауға қабілетті.

Жаңа техниканың негізгі техникалық сипаттамалары:

 – пайдалану массасы – 56 500 кг.;

 – шанақ көлемі - 60 м3;

 – жүк көтергіштігі-99 тонна;

 – техникалық рұқсат етілген максималды масса – 155 575 кг.

Жаңадан келген көліктер өз жұмысын бастап та кетті. Олар «Богатырь» кенішінің өндіру және аршу жұмыстары учаскелерінде пайдаланылуда.

Машина қозғалтқышты басқарудың компьютерлік жүйесімен, трансмиссиямен және тежегіштермен, борттық компьютерлік ақпараттық-диагностикалық жүйемен жабдықталған.

Жүргізушінің жұмыс орны эргономикалық жайғасымға ие, бұл өте ыңғайлы, тиімді сонымен қатар қауіпсіз басқару ортасын қамтамасыз етелді.

Айта кетейік, машиналарды құрастыруды жеткізуші фирманың – «Борусан Макина Қазақстан» ЖК ЖШС қатысуымен «Октябрьская» станциясының монтаждау алаңында ТКЖЖ зауытының мамандары жүргізді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу