Халық ерлігін еске алу күні
09.05.2022
Жеңіс жолында жанын қиғандарды еске алу құрметіне «Богатырь Көмір» қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты.
Даңқ ескерткішінде гүл шоқтарын қою 9 мамырда өтті. Шара басында жиналғандар есімдері ғасырлар бойы тарихта қалатын батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сол бір сұрапыл күндерді еске түсірген соң, салтанатты шерудің басталғанын автоматты оқ жаудырумен білдірді. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туған-туыстары өз жауынгерлерінің портреттерін алып жүріп өтті. Кәсіпорынның ондаған қызметкері ардагерлердің рухына тағзым етті.
Қаланың барлық мектептерінде тылда жеңісті жеткізуге үлестерін қосқан еңбеккерлерге арнап мерекелік дастархан жайылды. «Богатырь Көмір» Серіктестігі №10 орта мектепте еңбек майданына қатысушыларға дәм татыруға демеушілік көрсетті.Біріккен жастар қозғалысының белсенділері мерекелік концерт ұйымдастырды.
Кәсіпорын спортшылары шет қалмай, армрестлинг пен гір көтеруге қатысты. «Богатырь» кенішінің ПТО-1 кран машинисті Тахир Ильясов, БЖКБ пойыз құрастырушысы Бахтияр Меңдібаев, «Автобаза» АТС-1 машинисті Қаныбек Масақбаев жақсы нәтиже көрсетті.
Күннің керемет аяқталуы компания жастарының «Maxi mall» сауда орталығындағы өнер көрсетуі болды, онда соғыс жылдарындағы әндер орындалды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.