Еңбек дауларындағы сот төрелігі

06.05.2022

«Богатырь Көмір» конференц-залында Павлодар облыстық сотының өкілдерімен және қалалық соттың төрағасы Руслан Сәрсенмен кездесу өтті.

Келісу комиссиясының жұмысы шеңберінде еңбек дауларын реттеу - бұл Еңбек кодексінің талаптарының бірі. Оның құрамына тепе-теңдік жағдайында жұмыс беруші мен кәсіподақтардың уәкілетті тұлғалары кіреді. Компания үшін негізгі міндет қарау нәтижелерінің заңдылығы мен негізділігі, сондай-ақ еңбек дауларын бейбіт жолмен шешу болып қала береді. Бұл мәселе Сот төрелігі өкілдерінен басқа Серіктестік әкімшілігі мен кәсіподақтар қатысқан кеңесте басты мәселе болды. Кездесу барысында қатысушылар медиатордың қатысуымен еңбек дауларының алдын алу, сондай-ақ оларды қарау бойынша жұмыс саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында еңбек даулары бойынша сот талқылаулары азайғанын атап өту маңызды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу