Тыл еңбеккерлеріне алғыс

06.05.2022

Жеңіс Күні қарсаңында «Богатырь Көмірде»  еңбек майданының 17 қатысушысы қатысқан акция өткізілді.

«Богатырь Көмір»  корпоративтік қорының атқарушы директорының орынбасары Ольга Хозяшева және біріккен жастар қозғалысының белсенділері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін Серіктестік ардагерлеріне Компания басшылығының атынан алғыс білдірді.

Кәсіпорын атынан тыл еңбеккерлеріне ақшалай қаражат пен азық-түлік жиынтықтары табыс етілді, сондай-ақ оларға денсаулық пен ашық аспан тіледі. Өз кезегінде ардагерлер мен олардың туыстары оларға көрсеткен ықыластары  үшін алғыс білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.