Жеңімпаздар тұғыры
05.05.2022
«Богатырь Көмір» қызметкерлері үшін өткен ай спорттық жетістіктеріне бай болды.
Күміс медальді біздің атақты спортшы, технологиялық көлік басқармасының ТКЖ пайдалану учаскесінің жүргізушісі Айдар Капезов әкелді. Щучинск қаласында өткен гір спортынан Азия чемпионатында ол 85 келі салмақ дәрежесінде ардагерлер арасында өнер көрсетіп, құрметті 2 орын алды. Жарысқа Иран, Моңғолия, Үндістан, Өзбекстан және Қырғызстан командалары қатысты.
Пара армрестлингтен спорт түріндегі ХХ Азия чемпионатынан «Богатырь» кенішінің ӨТБ-1 учаскесі кранының машинисі Тахир Ілиясов кезекті жеңіспен оралды. Ол сол қолымен 1 орын, ал оң қолымен 2 орын алды. Жарыс күндері 23-30 сәуір аралығында Самарқанд қаласының спорт аренасында әлемнің 12 елінен 800 спортшы өнер көрсетті.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.