Қалалық аудармашылар семинары
04.05.2022
«Богатырь Көмір» конференц-залында «Компанияда мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Іс-шараны Серіктестіктің мемлекеттік тілді дамыту тобы ұйымдастырды. Оған қалалық кәсіпорындардың, қала әкімдігі бөлімдерінің, медициналық ұйымдардың аудармашылары қатысты. Семинар алдында қонақтар қазақ халқының этномәдениет кабинетімен таныстырылды. Топ жетекшісі Манар Ерботина қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырып, «Богатырь Көмір» компаниясында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің топ аудармашылары – Анаргүл Дүйсекеева, Гүлнарима Садықова, Гүлназ Абылғазина өз тәжірибелерімен бөлісті. Барлық баяндамалардан кейін жиналғандар маңызды мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
Семинар тіл мамандарының мемлекеттік тілді дамыту саласындағы тығыз ынтымақтастығының бастамасы болды. Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас әдіскері Әлия Арыстанбекова ұйымдастырушыларға кездесу үшін алғыс айтып, басқа ұйымдар да өз тәжірибелерімен бөлісетініне сенім білдірді.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.