Футбол бойынша турнирдің жеңімпаздары

03.05.2022

«Богатырь Көмірдің» футбол  құрама командасы қалалық жарыстарда көшбасшы атанды.

Богатырь спортшылары маусымды ашып, керемет нәтиже көрсетті. Футболшылар Әуесқой командалар арасындағы футбол Кубогы турниріне қатысты. Ойындар 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтті. Осы күндері команда 4 матч ойнады, олардың әрқайсысында жеңіске жетті. Финалда олар «Мебелонмен» кездесіп, 4:0 есебімен көшбасшы атанып, 1 орын алды. БЖКБ жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь Ярослав Саенко жаудың қақпасына ең көп гол соғуымен ерекше көзге түсті.

Қазірдің өзінде команда жетекшісі және жаттықтырушысы,  БЖКБ тартқыш агрегат машинистінің көмекшісі Алмас Қасеновтың айтуынша, әуесқой командалар арасында футболдан Павлодар облысының біріншілігіне дайындық жүріп жатыр.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу