Бірлік күніне орай концерт

01.05.2022

Біріккен жастар қозғалысы «Богатырь Көмір» қызметкерлері үшін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт ұйымдастырды.

Компанияда бір шаңырақ астында көптеген ұлттардың қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді – көмір өндіру.

Мерекенің басты тақырыбы – әлем халықтарының дәстүрлері болды. Бірлескен жастар қозғалысының белсенділері сахнадан түрлі тілдерде әндер шырқады. Токарь Алмас Ахметов; басшы хатшысы Василиса Романчук; автокөлік жүргізушісі Дархан Төлеубаев, техник-технолог Мадина Асимова, жылжымалы құрамды жөндеу слесарі Анатолий Козлов, жылжымалы құрамды жөндеу слесарі Рүстем Көпішев, байланыс желісінің электр жөндеушісі Елубай Ирсаинов, маман (радио жүргізушісі) Әнел Кәріпбекова украин, өзбек, қазақ тілдерінде ән айтты. «Джуманджи» хореографиялық ансамблінің ұлттық билері концерттің сәнін келтірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу