Бірінші мамыр этно-фестивалі
01.05.2022
«Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында хореографиялық және вокалдық ұжымдардың қатысуымен этнофестиваль өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шараға «Богатырь Көмірдің" біріккен жастар қозғалысының белсенділері қатысты. Көрермендерге украин, өзбек, орыс, шешен дүние жүзі халықтарының ән-күйлері ұсынылды. Сондай-ақ жастар рэп стилінде өз шығармаларымен патриоттық әндер орындады. Богатырлық әртістердің жалынды қойылымдары көрермендерге жағымды әсер қалдырды.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.