«Богатырь Көмір» компаниясы ауызашар берді

22.04.2022

Дәстүр бойынша қасиетті Рамазан айында «Богатырь Көмір» компаниясы ауызашар берді.

Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Дулат қажы Қабиденұлы ауызашарды ашып, Құран сүрелері мен дұғаларын оқыды. Өз сөзінде ол серіктестік ұжымына рухани қағидаттарды ұстанғаны үшін алғыс айтып, амандық, бейбітшілік және өркендеу тіледі. Мерекелік дастарханға жиналған ардагерлер мен кәсіпорын қызметкерлері әңгімелесіп қана қоймай, құнды уағыздарды да тыңдады. «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары - қаржы директоры Асылхан Қадырбаев жамағатқа компания басшылығы атынан жылы лебізін білдірді. Ауызашар соңында барша  мұсылман қауымына бейбітшілік, бақыт пен молшылық тілей отыра бата берілді.

Айта кетейік, бұл күндері  компания автобазасының ұжымы да өз қызметкерлері үшін ауызашар берді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу