Дұрыс және жылдам

12.04.2022

«Богатырь Көмір»  ЖШС-де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы жалғасуда.

Компанияның оқу-курстық комбинатының алаңында «Өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді білетін үздік команда» атағы үшін құрылымдық бөлімшелер командалары арасында конкурс өтті. Оған 6 команда қатысты – «Богатырь» кеніші, БЖКБ, ТКБ, СжәнеКНД,  ТЖЖЖД, Автобаза өкілдері.

Екі адамнан тұратын командалар алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыбы бойынша 30 тест сұрақтарына жауап берді. Ол үшін оларға жарты сағат уақыт берілді.

Содан кейін оқу манекенінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің практикалық дағдыларын көрсетті.

Конкурстың қорытындысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығының соңында шығарылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу