Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша конкурстар басталды
08.04.2022
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы шеңберінде «Богатырь Көмір» компаниясында кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында келесі атақтарға арналған байқау-конкурс өтуде:«50 адамнан асатын ең жақсы учаске (цех)» және «50 адамнан аз ең жақсы учаске (цех)».
Биылғы жылы үздіктер атануына күресетіндер: БЖКБ №1 СОБ учаскесі, БЖКБ «Богатырь» ст., таразылық, КСжәнеНД жүк қызметінің 23 Жолы, «Богатырь» кенішінің №1 ӨЖУ мөлшерлеу кешені, «Богатырь» кенішінің №3 ЭФУ, «Богатырь» кенішінің №2 Жол учаскесі, ЭД ЖСҚ учаскесінің Южная ст. қазандығы, ТЖЖД РШЖ цехы, «Богатырь» кенішінің ЭКГ-12УС №3606 экскаваторы, ЭД телекоммуникация қызметі, ТКЖЖ зауытының ІЖҚ және ТКЖ, МҚУ, ЭЖУ жөндеу бойынша учаскелер және басқалар.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген учаскелерге құрамында Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасының мамандары, кәсіподақ ұйымдарының және оқу-курстық комбинаттың өкілдері бар комиссия барады.
Учаскелердің әрқайсысында комиссия мүшелері құжаттаманың жай-күйін –нұсқамалар журналдарын, регламенттерді, жазатайым оқиғалар бойынша бұйрықтармен танысу парақтарын тексереді, қызметкерлерге осы оқиғалардың мән-жайларын білулеріне ауызша сұрау жүргізеді, арнайы жұмыстарға рұқсаттардың, ТҚ бойынша көрнекі үгіттің бар-жоғын, ЖҚҚ-дарының, өрт сөндіру құралдарының, жұмыс құралдарының жай-күйін, нысандардың электрқауіпсіздігін және әлеуметтік-тұрмыстық шарттары тексереді.
Комиссия номинация жеңімпаздары туралы шешімді конкурс қорытындылары жасалғаннан кейін шығарады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.