Біздің чемпиондар
29.03.2022
Богатырь спортшылары республикалық турнирлерде жаңа жеңістерге қол жеткізді.
Қарағандыда жабық ғимараттарда өткен жеңіл атлетикадан ҚР чемпионатында «Богатырь» кенішінің №1 өндіру жұмыстары учаскесі экскаваторының машинисті Александр Подлесный екі алтын және екі күміс медальді жеңіп алды. Осы беделді жарыстарға еліміздің он өңірінен барлығы 120 спортшы қатысты. Александр бұл турнирде Павлодар облысының құрамасында өнер көрсетті.
Алматы қаласында ардагерлер арасында армрестлингтен өткен 70 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі ел біріншілігінде «Богатырь» кенішінің ӨТБ-1 учаскесі кранының машинисті Тахир Ильясов та Қазақстан чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, Тахир – 2021 жылғы Азия чемпионы, Румыниядағы әлем чемпионатының қатысушысы.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.