Батырлық стильдегі Наурыз мейрамы
22.03.2022
Көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамына арналған халықтық мерекелер орталығы Шахтер қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Богатырь Көмір» Серіктестігінің мерекелік алаңы болды.
Таңертеңнен бастап мұнда әуен ойнай бастады, түрлі-түсті киіз үй қонақтарға есігін айқара ашты, онда мерекелік безендірулер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды.
Белсенді өмір салтын ұнататындарға қазақтың дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінен жарысуға жеңіл аяз да кедергі болған жоқ. Сайыс қорытындысы бойынша әр түр бойынша үздік үштік анықталды.
Гір көтеру турнирінде 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды:
Қ.Масақбаев - 1 орын,
А. Септ – 2 орын,
Ю.Воробьев – 3 орын.
85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
Б.Меңдібаев – 1 орын,
А. Жакупов - 2 орын,
В.Темірғалиев – 3 орын.
Жаяу тартыс сайысында үздік үштікке:
Қ.Масақбаев - 1 орын,
А. Жакупов - 2 орын,
А.Бахатбеков – 3 орын.
Әйелдер арасындағы церсо жарысында келесілер шебер және дәл лақтыруды көрсетті:
О. Коршикова – 1 орын,
О.Дюко- 2 орын,
О.Сычугова – 3 орын, Т.Афанасьева – 3 орын.
Наурыз мейрамы мейрамы «Богатырь Көмір» көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков мереке қонақтарын айшықты Наурыз мейрамының келуімен құттықтады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.