Волейбол бойынша жарыстар өтті

19.03.2022

«Богатырь Көмір» ЖШС спорттық-сауықтыру кешенінде құрылымдық бөлімшелердің құрама командалары арасында волейболдан жарыс өтті.

 Ойында 11 команда жарияланды, олардың әрқайсысы үш ойыннан бір матч өткізді.  Төрт жеңімпаздың арасында жүлделі орындар үшін тартыс болды.

 Біріншілік үшін спорттық тартыс өткен алаң жағымды әсерге толы болды.  Ойын қызықты өтті және жанкүйерлерді тік тұрғызды.

 Табанды күрес  барысында келесі командалар финалға шықты:

 1 орын – БЖКБ;

 2 орын – «Богатырь» кеніші;

 3 орын – темір жол кешені.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу