18.03.2022
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен, басқа да қазақстандықтар ішінде, белсенді азаматтық ұстанымы және еріктілер қозғалысына қатысқаны үшін теміржол жабдықтарын жөндеу бойынша Дирекцияның ЖҚД-2 жол машиналары мен механизмдерін жөндеушісі Евгений Шарифуллин марапатталды.
Мемлекет басшысының атынан марапатты Павлодарда салтанатты қабылдау кезінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов табыс етті.
Айта кету керек, ТЖЖЖД-да жас белсенді жақсы беделге ие, әріптестері оны сауатты және ақылды маман ретінде сипаттайды. Компаниядағы еңбек жолын ол қатардағы электрик болып бастап, оқудан өтіп, жол машиналары мен механизмдерінің жөндеушісі болды. Евгенийде жұмысын қоғамдық қызметпен сәтті біріктіруге мүмкіндік болады – ол Екібастұз қ. іздеу-гуманитарлық жасағының мүшесі, басқа еріктілермен бірге өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектеседі.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.