Богатырлықтар Наурызды қарсы алуда
18.03.2022
Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінде мерекелік дастарханнан дәм татуды компания ұйымдастырды.
Ұлттық киім киген біріккен жастар қозғалысының белсенділері мен бөлімшелердің өкілдері таңертеңнен бастап қызметкерлерді мерекелік дастарханмен қарсы алды. Наурыз мейрамына арналған қазақ ұлттық тағамдарының дәмін әрбір қызметкер татып көрді.
Қоғамдық тамақтану комбинаты осы мақсатта 54 келі бауырсақ пен 108 литр наурыз көже әзірледі.
Бұл мереке алдындағы күні «Богатырь Көмір» компаниясының көптеген қызметкерлері Наурыз мейрамының жақындап қалғанын еске салып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, ұлттық киімдер мен әшекейлер киді.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.