Лайықты жеңіс

16.03.2022

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметінің қызметкері Игорь Мунтянов Екібастұздың 65 жылдығына арналған логотипті әзірлеу бойынша республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Конкурстық комиссияға 93 жұмыс ұсынылды, олардың авторлары Екібастұздан, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлердің дизайнерлер, суретшілер мен шығармашыл адамдар болды. Байқаудың ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, жеңімпаздың авторлық логотипі қалалық іс-шараларды безендіру, кәдесый, баспа өнімдерін, жарнамалық материалдарды шығару, сахналарды безендіру үшін қолданылады.

Айта кету керек, Игорь қала мерейтойы логотипінің авторы  болып екінші рет атанды – 2017 жылы оның басқа жұмысы Екібастұздың 60 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды безендірді.

«Богатырь Көмір» компаниясында Игорьдің ерекше талантын, креативті көзқарасын және авторлық стилін «Bogatyr.kz»корпоративтік басылымының дизайнынан, @bogatyr.kz корпоративтік аккаунтының жарияланым суреттерінен, компанияның билбордтарын безендіретін баннерлерден, таныстырылым материалдарынан және тағы басқаларынан көруге болады.

Біз әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оған жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу