Үлкен - кіші балығым қармаққа түс

13.03.2022

Бүгін Шандақсор көлінің мұз айдынында «Богатырь Көмір» қызметкерлері арасында мұз астында балық аулау жарысы өтті. 

Жыл сайын өткізілетін турнирге 40 әуесқой балықшылар қатысты.  Біріншіліктің регламентінің сақталуын қатаң түрде төрешілер тобы қадағалады.  Мұз астында балық аулау шыдамдыларға арналған.  Алдымен балық аулайтын қармақты тесікке түсіру керек, содан кейін оны баяу көтеру керек.  Ең бастысы, сәтті жіберіп алмау және дер кезінде қармақты тарту.  Үздіктерді лайықты марапат күтіп тұрды.

 Мұз астында балық аулау жарысының жеңімпаздары:

  - «Алғашқы балық» аталымы бойынша - В.Лопатин (Техникалық қызмет, БЖКБ);

 - «Ең үлкен балық» аталымы бойынша - А.Шапоренко (ЭФУ, Богатырь);

  - «Ең кішкентай балық» аталымы бойынша - Ж.Бәйтереков (№8 Жол), М.Ибраев (БЖКБ);

  - «Ең үлкен аулау» аталымы бойынша - Фатыхов Ф. (ДШ, «Богатырь» кеніші);

  - «Триада» аталымы бойынша - Киреев А. (ӨТЖ, «Богатырь» кеніші);

 - «Тесіктерді бұрғылау Q 130 мм» аталымы бойынша – Ж.Байтереков (№8 Жол);

 - «Тесіктерді бұрғылау Q 150мм»  аталымы бойынша - Назаров А. (ЭФК, «Богатырь» кеніші);

 - «Командалық бұрғылау» аталымы бойынша – №8 Жол, БЖКБ (команда капитаны Ж.Байтереков).

 Командалық есепте жүлделі орындарды иеленді: 1 орын - Автобаза (команда капитаны А. Портнов), 2 орын - ЭФУ, "Богатырь" кеніші (команда капитаны Р. Ғабдулғанеев), 3 орын - Техникалық қызмет көрсету, БЖКБ (команда капитаны А. Кравцов).

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу