8 Наурызға орай «Көңілді старттар»
06.03.2022
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС спорттық -сауықтыру кешенінде «Көңілді старттар» сайысы өтті.
Жарыстың 6 кезеңінде компанияның бөлімшелерінен құралған 7 қатысушы команда жылдамдық, ептілік және шеберлік бойынша сынға түсті.
"Матрёшка" деп аталатын бірінші тапсырманы орындау кезінде әр қатысушы арқанға бекітілген шарға дейінгі қашықтықты жүгіріп өтіп, үстіне орамал лақтырып, байлап алуы керек болды.
«Көңілді пингвиндердің» екінші тапсырмасы – тізенің арасына кішкене допты қыстырып, иығына қамыт салып, қашықтықты өту болды.
"Зымыран" тапсырмасы қатысушылардан топ мүшелерінің біріне белгілі бір қашықтықтан шеңберді дәл лақтыруды талап етті. Өз кезегінде соңғысы барлық құрсауларды алып, қарсыласынан озып, мәреге бірінші болып жету керек болды.
«Жылан» тапсырмасын орындау кезінде команданың жақсы қарым-қатынасын көрсету керек болды: қатысушылардың әрқайсысы оны қашықтықта күтіп тұрған келесі қатысушының қолынан ұстауы керек болды және команда толық құрамда мәре сызығына жүгірді.
Доптың үстінен шеңберді лақтырып, оны айналып кетпей, бақылау нүктесіне қарай домалату, содан кейін оны қолыңа алып, мәре сызығына бірінші болып жүгіру - бұл «Доппен шеңбер жасау» тапсырмасы болды.
Соңғы фишкалар сайысы болды: бірінен соң бірі ілесе жүріп, қатысушылар орындықты еденге түсіру керек болды, немесе 8 конусты арақашықтықта орналастыру керек болды.
Сайыс барысында көшбасшы үштік бірнеше рет ауысты, ол барлық 6 конкурстық тапсырманың нәтижелері бойынша ақыры анықталды.
1 орын – «Амазонкалар" командасы («Богатырь» кеніші);
2 орын - "Торнадо" командасы ("ТЖЖЖД");
3 орын – «Комета» командасы (БЖКБ);
4 орын – «8 наурыз» командасы (атқ. аппарат);
5 орын – «Мировая станциясы» (Жүк тасымалы) командасы және «Звезда» (ТКЖЖ зауыты) командасы;
6 орын – «Кактустар» командасы (Бухгалтерия).
«Көңілді старттардың» барлық жеңімпаздары мен қатысушылары, сондай-ақ командалардың ең белсенді жанкүйерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталды, олар карточкалық шоттарына аударылатын болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.