«Богатырь Көмір» ЖШС Бас директоры бөлімшелер ұжымы алдында есеп берді.

04.03.2022

«Богатырь Көмір»  ЖШС-де компанияның бас директоры Николай Корсаковтың құрылымдық бөлімшелердің ұжымдарымен есеп беру кездесулері өтті.

Онда талқыланған басты тақырыптардың бірі жалақы мәселесі болды. Қазіргі уақытта жалақыны қосымша индекстеу мүмкін емес, өйткені уақытша, 6 айға көмір бағасы төмендеді, қаңтар деңгейінен – 2615 теңгеден 2133 теңгеге дейін. Сонымен қатар, бас директор көмір бағасының өсуіне қарай бұл мәселені екінші жартыжылдықта қарауға оралатынына уәде берді. Одан басқа, болашақта жалақының өсуін көмір бағасының өсуімен байланыстыру ұсынылды, оның кестесі ҚР Үкіметімен келісілген.

Сондай-ақ, кездесулерде ынталандыру жүйесін өзгерту және өндіру нормаларын асыра орындағаны және өнімділікті арттырғаны үшін сыйлықақылардың жаңа түрлерін енгізу мәселелері талқыланды.

Қызметкерлердің өтініші бойынша аса тапшы мамандықтар үшін пайызсыз несиелер мөлшерін ұлғайту және корпоративтік қордың медициналық қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасын қызметкерлердің отбасы мүшелеріне тарату жоспарлануда.

Есеп беру кездесуінің таныстырылымы материалдары bogatyr.kz корпоративтік сайтында орналастырылған.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу