Оұулар өтті

01.03.2022

«Богатырь Көмір» қызметкерлері мен олардың отбасыларын эвакуациялау жоспары дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған кешенді оқу-жаттығу барысында пысықталды.

Техногендік немесе табиғи апат жағдайында азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені әзірленді. Бірінші кезекте бұл қала сыртындағы аймаққа 15000 адам – жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялау. Ол үшін төтенше жағдайлар жөніндегі штаб бастығы Наталья Веселованың айтуынша, екі сағат ішінде Екібастұз қаласының №6 мектеп-лицейінің базасында эвакуациялық жинау пункті ашылады.  Эшелондарды қалыптастыру 6 кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысына 2500 адам кіреді. Адамдарға толы автобустар орналасу жеріне  әр екі сағат сайын шығады.

Эвакуациялық комиссияның қызметкерлері спорттық-сауықтыру кешенінде Богатырь тиеу-көлік басқармасының қызметкерлерімен іс-шаралар кешенін пысықтады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу