Облыс әкімінің орынбасары жастармен кездесті

25.02.2022

Екібастұз аймағы басшысының есептік кездесуі аясында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова  «Богатырь Көмір» кәсіпорнының біріккен жастар қозғалысының белсенділерімен әңгімелесті.

Бейресми әңгіме барысында қатысушылар компанияның жас қызметкерлерін мазалайтын өзекті мәселелерді талқылай алды. Ірі бірлестіктердің бірі бола отырып, БЖҚ қызметі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Өз баяндамасында БЖҚ төрағасы Қуаныш Уәлиев қайырымдылық, түрлі қорлармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол қаладағы жастар қозғалысының толық дамуына мүмкіндік бермейтін проблемалық мәселелерді де ашты.

Өз кезегінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары қатысушыларды жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, тәлімгерлікті дамыту қажеттігіне баса назар аударды. Бұл өңірдің кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол бос уақытты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, қала мектептерінде спорт залдарының қолжетімділігі мәселесін қарастыруды ұсынды. Тағы бір басымдықты Айзада Құрманова жастар өз бос уақыттарын тиімді өткізе алатын кітапхана базасында коворкинг-орталықтың ашылуына жасады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу