Балаларға арналған шебер класы

24.02.2022

Балалардың қолымен хош иісті пицца аспаздық шеберлік класында дайындалды.

«Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділері балаларды аспаздық өнерге үйрету бойынша жыл сайынғы іс-шара өткізді. Бұл жолы балалар итальяндық тағаммен, барлығы сүйіп жейтін – пиццамен танысты. Алдын ала дайындалған негізде жас аспаздар салманы өз талғамына қарай қойып шықты. Компанияның жас қызметкерлері балаларға көмектесіп, дайындаудың тәртібін түсіндірді. Қатысушылар пиццаның бес түрін дайындады, олардың рецептерінде басты құпия – жақсы көңіл-күй қолданылды. Соңында барлығы дайын тағамдардан дәм татты.

БЖҚ  іс – шараларының басты қағидасы – бұл қайырымдылық. Бұл жолы алдын-ала 40 пицца, сондай-ақ 20 литр табиғи шырын дайындалды. Кәсіпорын еріктілері оларды мұқтаж адамдарға жеткізді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу