«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы А.М. Сәтқалиевтің Қор тобындағы қызметкерлерге HSE мәселелері бойынша үндеуі

03.03.2022

2022 жыл басталған тұста «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әрбір қызметкері еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жақсарту бағытындағы өзіндік жеке үлесі мен қатысуы туралы жіті ойланып, қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс орындарында жазатайым оқиғаларды болдырмауға ықпал ететін нақты мақсаттарды қоя білуі қажет. Өткен жылы HSE көрсеткіштері жақсарды деуге болады. Абсолютті цифрларға жүгінсек, 2021 жылмен салыстырғанда жзатайым оқиғалар 10,7%-ға төмендегенін байқаймыз, дегенмен зардап шеккен адамдар саны 108-ге жетіп отыр.

Алайда, Қор тобында олардың алдын алу бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарға қарамастан, өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың саны әлі де азаймай отыр. Біз алға қойылған мақсаттарымызға қол жеткізе алмай келеміз және өндірісте әр қызметкердің HSE мәселелеріне деген көзқарасын өзгерту үшін бәріміз жұмыла күш жұмсауымыз керек.

Сондықтан да осы белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін 2022 жылды Қордың компаниялар тобында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялау туралы шешім қабылдадым:

1.      Ауыр жарақаттар мен ауруға ұшырауды, сондай-ақ өлімге әкеп соғатын жазатайым оқиғаларды болдырмау;

2.      Өндірісте зардаптары аса қауіпті оқиғалардың алдын алу, болдырмау және барлық сала бойынша үздік сенімділік көрсеткіштерімен жұмыс істеу;

3.      Қоршаған орта үшін маңызды тәуекелдерді бағалау және осындай тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету.

 

 Біздің басты міндетіміз - Қор тобындағы және мердігерлік ұйымдардағы жұмыскерлердің күн сайын өз отбасыларымен аман-есен қауышуына жағдай жасау.

Мен HSE бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге мүдделімін және баршаңызды осы бағытта жұмылуға шақырамын. Біз бірлесе отырып, қауіпсіз жұмыс істейміз, қоршаған ортаны қорғаймыз, Қазақстанның экономикалық дамуы мен ілгерілеуіне қажетті өнімдерді шығара отырып, сенімді де тиімді жұмыс атқаратын боламыз.

 

Алмасадам Сәтқалиев

 

Жаңалықтар тізіміне оралу