Денсаулық үшін
16.02.2022
2021 жылы «Халық денсаулығы» қоғамдық медициналық қорында 5085 қатысушы болды, оның ішінде: 4125 – «терапия» бағыты бойынша; 960 – «стоматология» бағыты бойынша.
Ай сайынғы жарналардың мөлшері үш жыл бойы өзгеріссіз қалады – 2000 теңге, оларды «Богатырь Көмірдің» атаулы демеуқаржылары бекітеді.:
110 млн теңгеден астам – қызметкерлердің ерікті жарналары;
102 млн теңгеден астам – компанияның демеуқаржысы;
206 млн теңгеден астам – Қорда тұрған қызметкерлерді емдеуге жұмсалған сома;
2352 адам – қаланың жеке клиникаларында стационарлық ем алды;
3895 қызметкер – амбулаториялық тексеру мен емдеуді пайдаланды;
451 қызметкер – стоматологтардың көмегіне жүгінді.
Жыл сайын профилактикалық тексеру қорытындысы бойынша «тәуекел тобы» құрылады. Іріктеу белгілері: жұмыс өтілі, зиянды еңбек жағдайларының болуы (діріл, шу, шаң, газдану, шамадан тыс дене жүктемелері және т.б.), жасы, ілеспе аурулар болып саналады. Осы санат бойынша компания қаражаты есебінен 255 қызметкер жалпы сомасы 12 млн теңгеден астам медициналық қызмет алды, осы санаттағы қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық парағы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлемі орташа жалақының 100% мөлшерінде жүргізіледі.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.