Жаңа бульдозер істе

26.01.2022

«Богатырь Көмір» ЖШС Технологиялық көлікті басқару техникасы паркін жаңа CAT 834K доңғалақты бульдозері толықтырды. 

Өзінің бірінші ауысымына көлік қаңтар айының басында кірісті, ол Серіктестіктің өндіру және аршу жұмыстары учаскелерінде карьерлік самосвалдарға арналған кірме жолдарды тазалауға жұмылдырылды.

Жаңа бульдозердің негізгі артықшылықтары:

–  жоғары қуаттылығы – 562 аттың күші;

–  орнатылған үйіндінің сыйымдылығы – 7,9-22,2 м3;

– жүріс бөлігінің массасы мен құрылымы есебінен тұрақтылығы – 47 750 кг;

– маневрлігі;

– эргономика тұрғысынан жақсартылған, кабина.

Бульдозер машинисті Толеген Искаковтың айтуынша, салонда ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс істеу үшін барлығы қарастырылған: арқасы мен жастығының қалпын реттейтін және қауіпсіздік белдігімен жабдықталған жылытқышы бар ыңғайлы кресло; кабинадағы талап етілетін температураны автоматты жылыту жүйесі, жақсы көріністі үлкен үрлеу терезелері, жылытылатын айналар және артқы көрініс камерасы қамтамасыз етеді. Машинаның ағымдағы күйі туралы барлық ақпарат басқару тақтасында көрсетіледі, содан кейін ол электронды базада мұрағатталады, бұл кейіннен диагностикалауға көмектеседі. Бүгінгі таңда CAT 834K  - «Богатырь» кенішіндегі ең қуатты дөңгелекті бульдозер.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу