Жұмысшы жастардың игі акциясы
04.02.2022
«Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысы онкологиялық аурулары бар адамдарды қолдауға шешім қабылдады, қоғамдық тамақтану комбинатынан тәтті тағамдармен концерт және шәй ұйымдастырды.
«Жеңімпаздар» онкологиялық науқастарды қолдау қорының жетекшісі Алма Тұрғанбаеваның айтуынша, мұндай іс-шаралар қазір осы аурумен күресу алдында тұрған адамдар үшін өте маңызды. Ұйым осы қиын кезеңде оларға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оларға қай клиникаларға жүгінген дұрыс екенін айтады, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі.
– Біз, осыдан өткен адамдар, не істеу керектігін, қайда бару керектігін, қандай жәрдемақы алу керектігін білеміз. Біз адамдарға онкологиямен ауыратын науқастардың құқықтары туралы айтамыз.
Бұл күні жиналғандардың кейбірі кезекті емделуден кейін ғана келіп, достарының арасында уақыт өткізуге қуанышты болды.
БЖҚ белсенділері компанияның талантты жастарының орындауындағы әндермен және «Step-fo» өнер аумағынан билермен барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтеруге тырысты.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.