Өмірлерін кенішке арнады

22.01.2022

Құрметті демалысқа «Богатырь Көмір» ЖШС тау-кен өндірісінің екі ардагерін шығарып салды.

Владимир Иванович Кочерга өзінің елу жылдық өмірін Екібастұздың көмір саласына арнады, оның отыз жылдан астамы кәсіпорынның бас механигі ретінде. 6 қаңтарда осы бірегей маман және өз ісінің нағыз білгірі 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Владимир Ивановичтің өмірбаяны көмір бассейнін игеру тарихымен тығыз байланысты. Оның тікелей қатысуымен кеніш көмір тасымалдаудың авто-конвейерлік технологиясына ауысты, СРс(К)-2000 роторлық экскаваторларды жаңғырту бағдарламасы табысты іске асырылды. Ардагердің көп жылғы еңбегі марапаттармен белгіленді: III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен, «Құрметті шахтер» атағымен.

Сергей Васильевич Рудник «Богатырь» кенішінде үлкен еңбек жолын өтті. Дәл осы жерде ол тау-кен шебері, кеніш директоры, өндірістік қызмет бастығы болып жұмыс істесе де, нағыз кәсіби маман болып қала отырып, өндірістің көрнекті ұйымдастырушысы ретінде танылды. Рудниктің еңбегі «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен, «Құрметті шахтер» атағымен белгіленді.

Осы екі ардагер үшін маңызды күні компания басшылығы мен ұжымының атынан оларды Бас директордың орынбасары-өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті:

– Құрметті әріптестер! Сіздер бірге «Екібастұзкөмір» жұмыс жасауды бастадыңыздар, және де бірге бүгін құрметті демалысқа шығып отырсыздар. Кәсіпорынның барлық жетістіктерінде сіздердің де еңбектеріңіз бар. Уақытпен санаспай, сіздер жұмысты беріле жасадыңыздар, және бұл «Богатырь» тарихында, бүкіл көмір бассейнінде сіздердің есімдеріңіз мәңгі қалады. Сіздерге өмірдің жаңа кезеңінде жарқын оқиғалар тілеймін!

Салтанаттың басты иелеріне тілектерін бөлімшелер басшылары да білдірді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу