Робот-тартқыш жинақтауда

27.12.2021

Vollert PRO TANDEM DER-300 маневрлік робот-тартқыштың екінші секциясы Богатырь ЖКБ  «Степная» станциясына келді.

Оны бұрын жеткізілген бірінші секциясына қосты. Келесі кезеңде – робот жасаушы Vollert фирмасының бас инженерлерінің бақылауымен локомотивті іске қосу, жөндеу және сынақтан өткізу жоспарлануда. Онымен қатарлас қызмет көрсетуші құрамды оқыту және даярлау жүргізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, робот-тартқыштарды «Богатырь» кенішінде циклды-толассыз технологияны енгізумен қолдану көзделіп отыр.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу