Қайта вакциналау - қорғау кепілдігі
24.12.2021
22 қарашадан бастап Қазақстанда COVID-19 қарсы қайта вакциналау басталды.
«Богатырь Көмір» қызметкерлері қаланың денсаулық сақтау өкілдерімен кездесуде қайта вакциналаудың жүргізілгені туралы толығырақ біле алды.
Сұрақтарға Екібастұз қ. эпидемиологиялық қадағалау басшысы Бахыт Бекпаева, «Дисконт» ӨК Бас дәрігері Сауле Аязбаева, «Дисконт» ӨК эпидемиолог-дәрігері Арайлым Хамзина жауап берді. Мамандар ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың кемінде 93% - ын вакциналау қажет екенін еске салды. Екібастұзда бүгінгі күні вакцинамен 63% қамтылған.
«Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы халыққа қайта вакциналау жүргізу туралы» (08.12.2021 ж. №54 өзгерістерімен және толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №49 қаулысына сәйкес
1. КВИ-ға қарсы қайта вакциналауға Қазақстан аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ға қарсы бастапқы вакциналаудың толық аяқталған курсын алған шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық адамдар жатады.
2. КВИ-ға қарсы қайта вакциналау КВИ-ға қарсы бастапқы вакциналау курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі.
3. Бұрын КВИ-ға қарсы вакциналаудың бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ға қарсы қайта вакциналау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізіледі.
4. КВИ-ға қарсы бастапқы вакциналаудың толық курсы бар КВИ-мен ауырып жазылған адамдардың КВИ-ға қарсы қайта вакциналауға сауыққаннан кейін 6 айдан ерте емес жүргізіледі.
4-1. КВИ-ға қарсы қайта вакциналауды КВИ-ға қарсы вакциналаудың бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады.
4-2. КВИ-ға қарсы вакциналаудың бастапқы курсы үшін пайдаланылған вакцинамен КВИ-ға қарсы қайта вакциналау жүргізуге жол беріледі.
Қала емханаларында 2021 жылдың қаңтарынан бастап 2021 жылдың маусымына дейін «Спутник V» және «QazVac» вакциналарын алған адамдарды қабылдау басталып кетті.
Қайта вакциналау бір рет жүргізіледі (3 доза).
Қайта вакциналау үшін «QazVac» вакцинасы қолданылады.
«Богатырь Көмір» құрылымдық бөлімшелерінен ұжымдық өтінімдер болған жағдайда, «Дисконт» ӨК медициналық қызметкерлері кәсіпорынға барып вакциналауды жүргізеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.